Сәрсенбі, 27 қараша, 13:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Ғанибек Қазантаев: «Мониторинг топтардың жұмысы төмен»

28.08.2021

774 0

Аптаның сәрсенбісінде қала әкімі Ғанибек Қазантаевтың төрағалығымен карантин талаптарының сақталуын талқылаған жедел штаб отырысы өтті.

Кездесуде қалалық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Нұрлан Ағаділов пен қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ерлан Ұзақбаев қала аумағында карантин талаптарының сақталу барысы, індеттің алдын алу шаралары туралы атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады.

– Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қабылданған шектеу шараларына қарамастан, тұрғындар арасында той-томалақ, мерекелік бас-қосуларды өткізу тыйылмай отыр. Бұл – тұрғындар аурудың қауіптілігін әлі сезінбей жүр деген сөз. Коронавирус инфекциясының таралу көрсеткіші өткен айда 2300 адамды құраса, осы айдың жиырма күннің өзінде таралу көрсеткіші 2600 адамнан асып тұр. Бұл қала аумағында қауіпсіздік шараларының өз деңгейінде сақталмай отырғанын, мониторингтік топтардың жұмыстары әлі де төмен екенін аңғартады», – деді қала әкімі.

Қалалық полиция басқармасы бастығының айтуынша, Қызылорда да арнайы мониторингтік топ құрамына басқарманың 16 учаскелік полиция инспекторы бекітілген. Олар қазіргі кезде 16 мониторингтік топпен күнделікті рейд жүргізуде. Олардың 2 учаскелік инспектор, екі мобильдік топқа бөлініп, жұмыс атқарса, қалған 14 учаскелік инспекторлар өз аймақтары бойынша жұмыс атқаруда.

– Тіркелген шұғыл хабарламалар мен мәліметтер бойынша 93 жоспардан тыс тексеру жүргізіп, 9 128 945 теңгеге 159 айыппұл салынып, 155 айыппұл өндірілді, 93 ұйғарым берілді. Карантиндік шаралардың бұзушылықтары анықталған орындардың 86-сы қоғамдық тамақтану орындары болса, 3 сауда орны, 33-і тойлар және өзге де нысандарға айыппұлдар салынып өндірілді, – дейді Е.Ұзақбаев.

Шаһар басшысы Ғ.Қазантаев тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырма жүктеп, мониторингтік топтардың жұмысын жандандыруды, санитарлық талапты қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Ақмарал ҚАДЫРХАНҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: