Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 02:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Халық тынығатын жерлер көбейеді

30.07.2024

471 0

Қала аумағында парктер мен демалыс орындары көбеймек. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі Серік Қожаниязов айтты.

– Халықтың өмір сүру сапасын арттыру – басты назарда. Осы бағытта халықтың күнделікті тынығатын орындарын көбейтуді қолға алдық. Қорқыт ата скверінің аймағында да су бұрқақ, тынығатын орындар бар. Бірақ ол да қараусыз қалған. Сол сияқты теміржол паркі, Келменбет батыр атындағы саябақ, Шіркеу маңындағы саябақ қолға алынып, жаңғыртылады. Қала аумағында мұндай орындар көп, – деді Серік Салауатұлы.
Сонымен қатар, қалалық мәдени-демалыс паркінің жағдайы жайын да сөз еткен шаһар басшысы «Парк – демалыс орны емес, базарға айналды. Алдағы уақытта оны қалыпқа келтіреміз, аттракциондар жаңарады» деді.
Әлбетте, шет аймақ та бұл бастамадан шет қалмайды. Қызылжарма каналын қайта жаңғыртудан өткеннен кейін бұл маңайда да халық серуендейтін орын болады.
– Тек бір ғана батыс ауданда мұндай мүмкіндіктер болмай тұр. Алдағы уақытта Саламатов көшесінен орын белгілеп, мұндағы мәселені де шешеміз, – деді қала әкімі.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: