Жұма, 27 желтоқсан, 14:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Игі істер жалғасуда

19.03.2021

5444 0

Бүгін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында облыстық ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйытқысымен өзбек этномәдени бірлестігінің қолдауымен қайырымдылық акциясы өткізілді.

 «Қайырымдылық істер марафоны» аясындағы акцияға «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков және облыстық ҚХА жанындағы Волонтерлер орталығы мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері қатысып, игі істерді жалғастырды.

Акция аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына азық-түлік пен киім-кешектей көмек көрсетілді. Сонымен бірге көмеккке зәру жандарға тарату мақсатында «Бақытты отбасы» отбасын қолдау институтына киім-кешектер тапсырылды.

Жыл басынан бері Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Волонтерлер және этномәдени бірлестік орталығының өкілдері 2700-ге жуық адамға көмек көрсетті. Бұндай ізгілік пен мейірімге толы жұмыстар жыл бойы жалғасын табады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: