Жұма, 22 қараша, 14:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Электр желілерін жаңғырту мақсатында 10 жоба әзірленеді

18.01.2024

708 0

Аймақтағы электр желілерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында биыл 10 жоба жүзеге асырылмақ. Осының нәтижесінде, 418 шақырым электр желісі мен 73 дана қосалқы станция жаңғыртылмақ. Сонымен қатар, жауапты басқарма арқылы қосымша 4 жобаның жоба-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Жоба аясында қала және бірнеше елді мекеннің электр бағаналары мен желілері қайта жөнделеді. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин мәлімдеді.

-Облысымызда әр түрлі кернеудегі 10 мың шақырымнан асатын электр желілері мен 2 мыңға жуық қосалқы станция бар. Былтыр электр желілерімен қамтудың 6 жобасы жүзеге асырылып, 232 шақырым электр желісі мен 95 дана қосалқы станция қайта жаңартылды. Нәтижесінде электр желілерінің тозу деңгейі 66 пайызға төмендеді. 2025 жылы қосымша қуаттылығы 10 МВт құрайтын күн электр станциясын салу жоспарлануда, – деді Медет Усаин.

Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту мәселесі де күн тәртібінен түскен емес. Сәйкесінше, 2023 жылы халықты тіршілік нәрімен қамту бойынша 23 жоба мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен орындалып, жүйелі жұмыстар жүргізілді. Биыл аталмыш салаға қатысты 14 жоба қолға алынбақ.

-Облыстағы 230 ауылдық елді мекеннің 98,4 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Былтыр Арал және Шиелі аудандарындағы 6 елді мекеннің ауыз су мәселесі шешіліп, ондағы тұрғындар тіршілік нәрінен тарықпай қажетінше пайдалануда. Қазіргі таңда қалған 26 ауылдық елді мекенді бекітілген жоспарға сәйкес, орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде, – деді басқарма басшысы.

Өңірдегі өзекті мәселелердің бірі – тозығы жеткен тұрғын үйлерді қайта жаңарту. Бұл ретте 2023 жылы 17 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаңғыртылды. Ал осы жылы 36 тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: