Қала әкімі Нұржан Ахатов қаладағы кәріз жүйелерінің жай-күйін бақылау мақсатында “Су Жүйесі” мекемесіне қарасты бірқатар кәріздік насос станцияларын аралады.
Бүгінде шаһарда 67 кәріз сорғы станциясы бар. Оның 37-сі қайта жаңғыртылған. Қалған 30-ы кезегімен реконструкциялаудан өтпек. Қазір 10 станцияны қайта жаңғырту үшін жоба-сметалық құжаттары дайындалып, қаржыландырылуға берілген. Осы аралауда Нұржан Сәбитұлы жөндеу жұмыстарын қажет ететін «Шанхай», «Мерей», «Ақмешіт» мөлтек аудандары мен Сұлтан Бейбарыс көшесінде орналасқан кәріз сорғы станцияларының қазіргі жай-күйін бақылап, сала басшысына кәріз жүйелерімен қамтамасыз етуге қатысты нақты талаптар қойып, тапсырмалар берді.
– Кәріздік насос жүйесінің қалыпты қызметі – бұл тек техникалық міндет емес, ол қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруды көздейді. Сондай-ақ, қаланың экологиялық қауіпсіздігі мен санитарлық жағдайын қамтамасыз етіп келеді. Сондықтан жұмыстарды барынша жоспарға сай, уақытылы жасау қажет,- деді Нұржан Сәбитұлы.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!