Жексенбі, 22 желтоқсан, 12:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Кәріз жүйесі реттеледі

27.08.2022

989 0

«Ақмешіт» мөлтек ауданында өткен қала әкімінің тұрғындармен кездесуінде ұсыныс-пікірмен қатар шағым да айтылды. Кәріз жүйесі тозып, лас су өжіресіне жиналған үй тұрғыны иіс пен масадан көз ашпайтынын, жауаптылар бірде-бір рет келмегенін жеткізді. Ауладағы балалар алаңының тозығы жеткені де сөз болды.

− Біздің тұрғындардың тұрғын үй коммуналдық шаруашылыққа байла­нысты айтар шағымы көп. Ең алдымен кәріз жүйесін реттеу керек. Лас судың барлығы өжіреге жиналып, маса мен сасық иістен көз ашпаймыз. КСК-ның басшысына айт­тық, бірақ келмеді. Амалсыз өзіміз ақша жинап, жөндедік. Дегенмен бас­қа үйдің тұрғындарының кейбірі ақша жинамайды, басқа да мәселесі бар. Сол себептен мәселе шешілмей тұр. Одан бөлек балалар алаңының да тозығы жеткен. Аулада көлік қап­тап тұр. Ал балалар ойын алаңы аздық етеді. Сосын – тазалық. Аулада таза­лық жоқ. Қоқыс екі күн бойы жи­налмай тұрды. Тек сіздер келетін кез­де трактор келіп, тазартып кетті», − деп шағымданды 21-ші үйдің тұр­ғыны.

Аталған мәселеге байланысты қала әкімі «Енді солай болып тұр. «Жинаңдар» деп күнде айтамыз. Енді тазалықты күнде жасау үшін күнде аралап тұратын болдым ғой. Кездесуде көтерілген мәселе аяқсыз қалмайды. Арнайы тіркеліп, хаттамаға бекітіледі. Жауапты мамандарға мәселені шешуді тапсырамыз, жұмыс істейміз», − деп жауап берді. Ал 21-ші үйдегі кәріз жүйесінің мәселесін шаһар басшысы ШЖҚ «Қызылорда Су жүйесі» МКК директоры Талғат Құлмағанбетовке тапсырып, жұмысты бүгіннен бастау керектігін айтты.

Тұрғындар жылу жүйесін жаңғыр­ту мәселесі мен балалар ойын алаңыны сапасы, жетіспеушілігі ту­р­алы да сөз қозғады. Шаһар бас­шы­­сы әр үйге тұрғындар жауап бе­ретінін түсіндіріп, тұрғындардан қара­жат жиналса, жылу құбырларын ауыстырып беруге дайын екенін айт­ты. Балалар алаңы мәселесін шешу үшін де жұмыс істелетінін жеткізді.

Мөлтек аудандағы жатақхана тұр­ғыны «Бізге үй апаттық жағдайда, бұзылады деп айтты. Осының ақ-қарасын анықтап берсеңіз. Сонымен қатар біздің үйде де кәріз жүйесінің тозығы жеткен», − деген сұрағына қала әкімі үй бұзылмайтыны, ал ка­нализацияны реттеу үшін жұмыс істе­летінін мәлімдеді. Сонымен қатар тұрғындар №136 мектеп аумағында монша барын, ол көмірмен жағып, ауаны ластайтынын айтты. Сондай-ақ сол жерге бассейн салынатыны туралы естігенін жеткізді. Бұл мәселеге бай­ланысты қала әкімі арнайы барып тексеретінін жеткізді.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: