Дүйсенбі, 17 наурыз, 19:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№19,2132
15.03.2025
PDF мұрағаты

Кәсіпкер кәдеге жарар каска шығарады

17.03.2025

39 0

Фото: қала әкімдігі

Ғалым Прекешов басшылық ететін «NP Consulting» ЖШС 2013 жылдан бері су өткізбейтін каскалар шығарып келеді. Жаңашыл жобаны жүргізуге «Даму» кәсіпкерлікті дамыту» қоры қолдау көрсеткен. Кәсіпорын қала іргесіндегі Ақсуат ауылдық округінде орналасқан.

Өндіріс орнында күніне 100-ге жуық қорғаушы каска шығарылады. Мұнымен қоса кәсіпкер су құтыларын, оған қажетті қақпақшалар дайындайды. Ол үшін өткен жылы Қытайдан кішкентай түтікшені жарты, бір литрлік құтыға айналдыратын тағы бір қондырғы алса, ал биыл осы түтікшенің өзін де өндірістің өзінде өндірмек. Қазір шығарған өнімдеріне тұтынушылар тарапынан сұраныс артып, барлық өңірлерге тасымалдануда. Қауіпсіз жұмыстың таптырмас атрибуты саналатын каскалардың сапасына 3 жылға дейін кепілдік беріледі.

Кәсіпкер кәдеге жарар каска шығарады

Жылдан-жылға бұл бұйымның саны артып, былтырдың өзінде 35 мыңнан аса каска шығарылған. Кәсіпкер 15-ке жуық ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: