Сенбі, 15 ақпан, 23:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№12,2125
15.02.2025
PDF мұрағаты

Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл

15.02.2025

27 0

Кеше «Тағзым» алаңында батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған, Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу шарасы өтті.

Шара барысында қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев сөз алып, азаматтық борышын өтеу жолында қапыда қаза болған жауынгерлердің жарқын бейнесі ұрпақ жадында жаңғырып, ерліктің үлгісі болып қала беретінін атап өтті.

– Бұл күн – өткеннің естелігін жаңғыртып, сол кездегі өр кеуде, өршіл рухты бауырларымызды еске алар күн. Сіздердің қызметтік борыштарыңызды атқару үстінде көрсеткен батылдықтарыңыз бен жанқиярлықтарыңыз елге – мұра, ұрпаққа – өнеге. Соғыс кезінде шейіт болған ағаларымыздың барлығы ел қаһармандары екені сөзсіз. Жыл сайын ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді біз еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз, – деді Дархан Есалыұлы.

Шарада батырлар рухына құран бағышталып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: