Аймақ басшысының бастамасымен «Қызылорда Арена» көпфункционалды кешені Сұлтан Бейбарыс көшесінен бой көтеруде.
Қазір мұнда қызу жұмыс жүруде. Төрт қабатты спорт нысанында әмбебап және шағын спорт залдары, бассейн, тренажер, қосалқы бөлмелер, конференц-зал болады.
Сонымен қатар, еркін және классикалық күрес, бокс, теннис, таэквандо, самбо мен дзюдоға арналған залдар қарастырылған.
«Қызылорда-Арена» оқу-жаттығуға, жарыстар өткізуге мамандандырылған кешен болады деп күтілуде.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!