Кеше қалалық мәдениет және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында “Бақытты балалық шақ” атты кешенді мәдени-спорттық шара өтті.
Сабалақ саяжайы тұрғындарына мәдени демалыс сыйлап, жас жеткіншектерін қуанышқа бөлеген шарада түрлі спорттық ойындар ойнатылып, “Бегім-ай Өнер Орталығы” өнерпаздары ән-биден шашу шашты.
Сайыс барысында үздік деп танылған балаларға алғыс хат және қалалық мәдени демалыс паркіне тегін сертификаттар табысталды.
Кешенді шараға атсалысып өнер көрсеткен “Бегім-ай” өнер орталығына арнайы ризашылығымызды білдіреміз.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!