Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 12:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Көпбалалы отбасыларға жаңа пәтердің кілті табысталды

19.11.2022

566 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ел ағаларымен бірге көпбалалы отбасыларға сол жағалау аймағынан іргесі көтерілген 40 пәтерлі жаңа арендалық көпқабатты тұрғын үйді тарту етіп, көпбалалы отбасыларды қоныс тойымен құттықтады.

  • Туған жеріміз Қызылорда қаласы соңғы уақытта қарқынды құрылыс аймағына айналды. Зәулім ғимараттар бой түзеп, жаңа ықшам аудандар салынып, шаһардың сәулеттік келбеті көркейе түсті.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сыр еліне қолдауы негізінде облыс орталығында қала көркін еселеп, ажарын аша түсетін бірнеше зәулім ғимараттың іргетасы қаланып, жаңа әлеуметтік нысан салу бастамасы сәтті түрде жүзеге асуда. Нәтижесінде облыс орталығы соңғы уақытта қарқынды құрылыс аймағына айналды.
Бүгін салтанатты түрде сол жағалау аймағынан іргесі көтерілген жаңа арендалық көпқабатты тұрғын үйді жерлестерімізге тарту ету үшін жиналдық.

Шаңырақтарыңызға шаттық орнап, әр жанұяға жақсылық, ынтымақ пен бірлік, амандық тілеймін, – деді өңір басшысы Н.Нәлібаев.

Шарада қоғам қайраткері Айтбай Көшербаев тұрғындарды қуанышымен құттықтап, ақ тілегін арнады. Сондай-ақ, баспаналы болған аналар атынан сөз сөйлеген Әйгерім Нұрадинқызы шексіз қуанышқа кенелгенін жасырмады.

  • Мен 5 баланың анасымын. Бүгін қонысқа кіріп, қуанышқа кенелудеміз. Қобалжып та тұрмын. Балаларымның жылы әрі кең үйде тұрып, лайықты білім алғанын қалайтынмын. Шүкір, баспаналы болу бақытын біз де сезіндік. Шаңырағымызда тек жақсылық орнасын, – деді Әйгерім Нұрадинқызы.
    Айта кетейік, «Асар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есебінен 2600 шаршы метрді құрайтын 5 қабатты 40 пәтерлік арендалық тұрғын үй ұзақ жылдан бері кезекте тұрған көпбалалы аз қамтылған отбасыларға берілді.

Биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 683 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланды.
Аймақта «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1764 пәтерді құрайтын 41 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 1044 пәтерді құрайтын 26 тұрғын үйдің құрылысын жыл аяғына дейін ел игілігіне берілмек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: