Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Комиссия отырысында электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі талқыланды

27.04.2023

480 0

Бүгін қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейіловтың төрағалығымен «Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссия» отырысы өтті.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Айдос Асқар жұмыс берушілер жұмыскерлердің электрондық еңбек шарттарын жүйеге енгізу туралы баяндады.

Хабарламасында жұмыс берушілер жұмыскерлермен жасалған еңбек шарттары туралы мәліметтерді электронды түрде еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге міндетті екенін атап өтті. 2023 жылдың қорытындысымен облыс бойынша 170 804 жұмыскердің еңбек шарттарын тіркеу жоспарланған болса, бүгінгі күні оның 160 521-і hr.enbek.kz электронды жүйеге тіркелген.

Келесі мәселе бойынша, қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Жақсылық Төлегенов еңбек шартын тіркеу кезінде туындаған мәселелер және «Ұлттық жоба» аясында жұмыспен қамту кезеңінде жасалатын электрондық еңбек шарттары туралы хабарлама жасады.

Қызылорда қаласы әкімдігі тарапынан жұмыс беруші мекемелермен «Электронды еңбек биржасы» порталына бос жұмыс орындарын жариялау және электронды еңбек келісімшарт жасау туралы 21 ірі кәсіпорындармен Меморандум жасалынып, қазіргі уақытта жұмыстар жүруде. Бұдан бөлек, портал ақылы «Ұлттық жобасы» аясындағы 89 жоба бойынша 1 556 жұмыс орнының құрылуы жоспарланып отыр.

Жиын барысында жұмыскерлердің электрондық еңбек шарттарын ақпараттық жүйеге уақытылы енгізбеген жұмыс беруші мекемелерге ескерту жасалып, электрондық еңбек шарттарының тіркелуі бойынша тиісті жұмыстарды күшейту тапсырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: