Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен бұқаралық спортты дамыту мақсатында коммуналдық мекеме қызметкерлері арасында шағын футболдан жарыс өтті. Жарысқа 10 команда, 100-ге жуық қызметкер қатысты.
Тартысты ойын қорытындысы бойынша І орынды «Қызылорда жылу электр орталығының» командасы жеңіп алса, ІІ орынды «РЦПУ» командасы, ал ІІІ орынды «Ақнұр-Авто» ЖШС командасы иемденді.
Жарысқа арнайы қатысқан қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жеңістерімен құттықтап, қызметтеріне сəттілік тіледі. Жарыс барысында үздік ойынымен көзге түскен қатысушылар марапатталды. Сондай-ақ, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қала әкімінің дипломдары мен алғыс хаттары, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің медальдары мен кубоктары және қаржылай сертификаттары табысталды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!