Жексенбі, 22 желтоқсан, 20:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Күн тәртібінде қоғамдық көлік мәселесі

25.10.2021

875 0

Қала әкімінің қатысуымен коммуналдық салалардың мәселелері талқылануда.

Шаһар басшысы Ғанибек Қазантаев «Қызылорда автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барып, арнайы жиын өткізді.

Жиын барысында мекеменің негізгі мәселелері жан-жақты сараланып, қаржылық жағдайы мен оны оңалту жолдары талқыланды. Бүгінгі күні парк теңгеріміндегі автобустардың 50% күнделікті бағыттарға шығады. Мекеменің толық құрамда жұмыс жасамауының негізгі себебі – қоғамдық көліктердің жиі бұзылуы, тапсырыс берілген қосалқы бөлшектердің шет мемлекеттерден мерзімінде келмеуі болып отыр. Бұның барлығы күнделікті түсімге әсер етіп, сапалы қызмет көрсетуге кедергі келтіруде.

Осы ретте, қала әкімі сала басшыларына «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің әлеуетін арттыру бойынша нақты тапсырмаларды жүктеп, 10 күннен кейін оның орындалуына қайта оралатындығын ескертті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: