Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 19:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Latyn – құнды мұра

24.11.2022

963 0

Соңғы жылдары әліпбидің кириллицадан латын әрпіне көшуі өзекті тақырыптың бірі болып отыр. Қазақстан Республикасы өз алдына зайырлы болып, Тәуелсіздік алған жылдардан бері кириллицадан латын әліпбиіне көшу мәселесі жөнінде пікірлер жиі айтылып келеді. Осы орайда, «Парасат жолы» жобасы аясында А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханасы «Latyn- құнды мұра» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Шараның басты мақсаты – әліпбидің латын әрпіне көшуінің мән-маңызын оқырмандарға түсіндіру. ОларғаОқырмандарды латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасымен таныстыру, латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, насихаттау, келер ұрпақты мемлекеттік тілді қадірлеуге, ұлттық құндылықтар мен тарихымызды дәріптеуге, зейінділікке тәрбиелеу.

Latyn - құнды мұра

Аталған кешке облыстық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің баспасөз хатшысы, журналист Жақсылық Құралай Владимирқызы, облыстық қоғамдық даму басқармасы «қоғамдық келісім» КММ-нің аға сарапшысы Кошпанова Жазира Алтынбайқызы, облыстық қоғамдық даму басқармасы «қоғамдық келісім» КММ-нің аға сарапшысы Амантай Бақберген Бауыржанұлы, С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Булекбаева Бибінұр, С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің кітапхана меңгерушісі Ибрагимова Бахыт Сұлтанбекқызы қатысты.

Олар өз ойларымен іп, көзқарастарын ортаға салды. Шара соңында Құралай Владимирқызы Латын әліпбиін енгізу біздің тілді халықаралық тілдерге жақындата түсетіні жайлы, сонымен қатар Ұлы дала елін әлемдік өркениетпен қабыстыратын алтын көпір екені жайлы өз ойын жастарға жеткізді.

Шара соңында тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының «Ел бүгіншіл, мен ертеңшіл» деген керемет нақыл сөзі жастарымыздың ұстанымы болды.

Ақмарал ОЛЖАБАЕВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: