Сенбі, 30 қараша, 00:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№95-2105
30.11.2024
PDF мұрағаты

Маңызды мәселелер талқыланды

27.10.2021

1020 0

Қала әкімі Ғанибек Қазантаевтың төрағалығымен бірқатар сала басшыларының қатысуымен жиналыс өтіп, өзекті мәселелер ортаға салынды.

Жиында бірінші кезекте ұлттық халық санағы жұмыстарының орындалуы талқыланды. Шаһар басшысы осы мәселеге жауапты қала әкімінің орынбасары Бектас Нуридиновке жүргізіліп жатқан жұмыстарды жандандыруды тапсырды. Халық санағының 30 қазанда аяқталатынын ескере отырып, сол уақытқа дейін нәтижелі жұмыстар атқаруды міндеттеді.

Сонымен қатар, жиында келесі мәселе қала көшелерінде иесіз жүрген үй жануарлары төңірегінде қозғалды.

–Көше бойларында қараусыз бос жүрген малдардың жол бойында апаттық жағдайлардың болуына себепкер болып, көше тазалығын бүлдіретіндігі кеше немесе бүгін ғана айтылып жүрген мәселе емес. Сондықтан иесіз жүрген үй жануарларын дереу анықтап, айып алаңына қамау арқылы оның иелеріне айыппұл салу керек, – деді Ғанибек Қонысбекұлы.

Бұған дейін қала әкімі қала аумағынан екі айып алаңын дайындауды жүктеген болатын. Оның бірінші орналасқан нүктесі «Сығанақ» базары маңындағы Аспалы көпір аумағы болса, екінші айып алаңы «Қызылорда тазалығы» базасы болып белгіленді.

Осы ретте, қалалық полиция басқармасына көшеде бей-берекет жайылған малдарды ұстау және қала тазалығына нұқсан келтірушілерді анықтау жұмыстарына жауапты полиция инспекторларын бөлуді тапсырды.

Одан әрі, қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм мен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне кәсіпкерлік нысандар орналасқан ғимараттардың қасбеттерін әрлеп, сәулеттік және эстетикалық талаптарға сәйкестендіруді және аумағына тазалық жұмыстарын жүргізуін қадағалауды тапсырды.

Басқосуда қала әкімі құрылыс бөлімінің басшысы Б. Далабаевқа құрылыс жұмыстарының әлеуетін күшейтуді ескертті. Жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының бекітілген кестеден баяу жүргізіліп жатқандығы анықталғандығын айтып, уақытында аяқталуын қадағалауды талап етті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: