Жұма, 22 қараша, 18:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Мейрамбек ТӨЛЕПБЕРГЕН, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: «Қызылорда өзгерген, түрленген қала»

25.12.2021

1652 0

Осы аптада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының мүшесі Мейрамбек Төлепберген Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді. Негізгі мақсаты – этносаралық қатынастардың өзекті мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Аймақты аралаған Парламент Мәжілісінің депутаты өңірлік коммуникациялар қызметінде де журналистермен жүздесті.

– Алдымен Қармақшы ауданы ІІІ Интернационал ауылына барып, Цай Ден Хак атындағы мұражайды араладық. Ауылдық мәдениет үйінде тұрғындармен кездестік. Сонымен қатар «Достық жер МК» ЖШС қырман жұмысымен танысып, ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездестік. Ел тұрақты, тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

Сыр өңірі – қашанда ұлттар достығының жаршысы. Тағдыр қосқан ұлттар Қазақстан деген тәуелсіз мемлекеттің азаматтары. Олар – біздің ағайынымыз, бауырымыз, достарымыз. Елбасының саяси тұрақтылықты сақтау саясатын насихаттау біздің басты мақсатымыз», – деді халық қалаулысы.

Қазір Қазақстанда 1000-нан астам этномәдени бірлестік бар. Әрқайсысы өз жұмысын жүргізіп отыр. Соның ішінде облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, неміс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Ирина Шек бірлікті, достықты дәріптеу мақсатында атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды.

– Бүгінде 160 азамат осы елдің төл перзенттері болып кеткен. Барлығымыздың да мүддеміз – елдің бірлігі мен тұрақтылығын сақтап, ұлттар достығын дәріптеу. Біздің бірлестік барлық шараларға белсенді атсалысып келеді, – деді Ирина Шек.

Баспасөз мәслихаты барысында Мейрамбек Төлепберген Қызылорда қаласының дамуына да ерекше тоқтала кетті.

– Қызылорда жайлы көп нәрсе айтуға болады. Алғашқы астананың бірі болған тарихи қала. Өзім осыдан үш жыл бұрын келгенмін. Қатты өзгергенін, түрленгенін байқадым. Жаңа ғимараттар, зәулім үйлер, сол жақ жағалаудағы қала бой көтерген. Жұмыс сапарымен көп облыстарда болып жүрмін. Бірақ Қызылорданың менталитеті, табиғаты бөлек. Адамдарының өзі өте еңбекқор. Оған қоса өнер мен мәдениетке жақын халық. Елбасының «Сыр – Алаштың атасы» деген сөзі бар. Міне, Сыр халқы осы асыл сөзді дәлелдеп тұрғандай, – деген бағасын берді.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: