Бейсенбі, 21 қараша, 23:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Мемлекет қолдауын әрбір тұрғын сезінуі тиіс

09.08.2022

1201 0

Мемлекет басшысы берген тапсырманың бірі – жаңа жұмыс орындарын ашу, халықты тұрақты жұмыспен қамту. Сол себепті де тұрғындарды жұмыспен қамту күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналған. Яғни халықтың тұрмыс сапасын жақсарту негізгі міндет болып табылады.  Осы мақсатта «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» жүйелі түрде жүзеге асуда. Себебі тұрғындардың әлеуеті жақсармай, жұмыссыздар саны азаймай, еліміздің алға қарай қарыштап дами алмайтыны, экономикамыздың көтерілмейтіні белгілі. Жоба аясында жұмыссыздарға жұмыс табуға мүмкіндік жасалып келеді. Осы жылы жобаға қатысушыларға қысқа мерзімді кәсіптік оқуға облыстық бюджеттен 760 адамға қаражат бөлінген. Бүгінгі күнге кәсіптік оқыту курстарына 

75 адамға жолдама  берілген.  Оның ішінде 40 пішуші, 22 тігінші,

13 электро-монтаждаушы мамандықтары бойынша оқуға жолданған.

– Жастарды тұрақты жұмыспен қамту – қаламызда жүзеге асып жатқан маңызды міндеттің бірі. Мемлекет осы бағытты назарға алып, тиісті бағдарламалар ұсынды. Соның нәтижесін жұмыссыз жастар көруде. Бағдарламаның оң нәтижесі көп. Жастар жұмысқа орналасты, – дейді қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Жақсылық Төлегенов.

Қаламызда осы жоба бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Соның негізгі бағыттарына тоқталып өтсек.

Мәселен, «Жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру» бағыты бойынша осы жылға республикалық бюджеттен 556853 мың теңге, ұлттық қордан 478555 мың теңге қаражат 814 адамға грант беру жоспарлануда. Осы уақытқа дейін гранттар өз кәсібін ашқысы келетін және кәсіпкерлік негіздері курстарын бітірген барлық жұмыссыздарға берілген болатын. Биылдан бастап тек 29 жасқа дейінгі жастарға, атаулы көмек алатын аз қамтылған отбасы мүшелеріне, көпбалалы отбасыларға, қандас­тарға, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдарға және мүгедектігі бар тұлғаларға беріледі. Бүгінгі күнге 9 азамат мемлекеттік грант алды.

Ал «қоғамдық жұмыс орындарына» республикалық бюджеттен 182116 мың теңге – 253 адамға, жергілікті бюджеттен 546912 мың теңге 760 адамға, ұлттық қордан 1112295  мың теңге 1472 адамға –  барлығы 2485 адамға қаражат бөлінді. Жыл басынан бері 451 мекемемен келісім шарт жасалып, 2369 адамға жолдама беріліп, жұмыстарын атқаруда. Мерзімінен бұрын 182 адам жұмысын аяқтады. Оның 72-і тұрақты жұмысқа орналасқан. 

«Әлеуметтік жұмыс орындарын» ұйымдастыру негізінде республикалық бюджеттен 180 адамға 91800 мың теңге, жергілікті бюджеттен 23 адамға 3450 мың теңге қаражат қа­растырылған. Жыл басынан бері 59 мекемемен келесім шарт жасалып, 160 адам жұмысқа жолданды. Мерзімінен бұрын 34 адам жұмыстан шығып, 32-і тұрақты жұмысқа орналасты.

«Күміс жас жобасы» аясында ұлттық қордан 64654 мың теңге 57  зейнеталды жастағы адамдарға қаражат бөлінді. Жыл басынан бері 10 мекемемен келісім шарт жасалып, бүгінгі күнге 13 азамат жолданды.

«Жастар практикасын ұйымдастыру» бойынша 2022 жылға 849 жас маманға 390073 мың теңге, Ұлттық қордан 491944 мың теңге бөлінді. Жыл басынан бастап 251 (жеке секторлар 169)   мекемемен  келісім шарт жасалып 521 адамға жолдама берілді. Мерзімінен бұрын  28 адам жұмыстан шығып,19-ы тұрақты жұмысқа орналасты.

«Алғашқы жұмыс орнына жұмысқа орналастыру» бойынша 40 жас маманға 29405 мың теңге, ұлттық қордан 40 жас маманға 45371 мың теңге бөлінді. Жыл басынан бастап 16 мекемемен  келісім шарт жасалып 23 адамға жолдама берілді.

«Ұрпақтар сабақтастығына» 1836 мың теңге 5 адамға қаражат бөлінді. Жыл басынан бастап  2 мекемемен  келісім шарт жасалып, бүгінгі күнге 5 азаматқа жолдама берілген.

Алдағы уақытта межелеген жоспардың толығымен орындалуына жұмыс жасалатын болады. Сондықтан қазіргі кезде жұмыссыз жан есебінде тұрсаңыз, осы мүмкіндікті пайдалануға әбден болады. Қандай жұмыс болса да, еңбек етіп, нан тапқанқа не жетсін. «Екі қолға бір күрек» таппай жүргендер жұмысқа орналасса, кәсіпкерлікті оқып, кәсібін бастаса, мемлекет тарапынан беріліп отырған мүмкіндіктерді пайдаланып қалса тұрғындарға ең қажеті де осы болмақ. Қалай болғанда да мемлекет қолдауын әрбір тұрғын сезінуі тиіс.

Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: