Сенбі, 28 желтоқсан, 02:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Мемлекеттен берілетін тегін жердің ережесі өзгерді

07.09.2023

785 0

Қазақстанда тегін берілетін он сотық жер учаскелерін үлестіру ережелері өзгерді. Бұл туралы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасы хабарлайды. 

Үй салу үшін берілетін жерлер су құбыры немесе электр желісі тартылған аумақтардан ғана ұсынылады. Осы екі инфрақұрылымның бірі болуға міндетті.

Бұған дейін мұндай талап болмаған. Тек инженерлік желілерге қосылуға қажет техникалық шарттарды алуға арналған сауалнама парақтары берілетін. Әрі барлық рәсім электрондық форматқа ауыстырылған.

Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры мен «Жеке тұлғалар» дерекқоры біріктірілген. Көпшілікке бұл ыңғайлы. Өйткені уақыт үнемдей алады. Бастысы бәрі ашық. Енді әкімдіктер үлестірілетін жерлерде атқарылған жұмыстар мен кезек тізімдері туралы ақпаратты тоқсан сайын жариялап тұруға тиіс.

Жаңа ереже 4 қараша күні күшіне енеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: