Жексенбі, 24 қараша, 05:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Мемлекеттік тіл мәселесі депутаттар назарында

26.04.2023

604 0

25 сәуір күні қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Комиссия отырысында «Қала аумағындағы кәсіпкерлік және басқа да нысандарда, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде мемлекеттік тілдің сақталу барысы және латын тілінің қолданылуы мәселесі» қаралды.

Комиссия отырысына мәслихат төрағасы И.Құттықожаев, депутаттар Р.Ысқақова, Б.Кәрімова, Т.Мақашов, М.Бисенова, Б.Еркебаев, Б.Төлеген, қала әкімінің орынбасары Ж.Сейілов, қоғам қайраткері, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының төрағасы, «Тіл сақшысы» газетінің бас редакторы С.Аңсат, тиісті қалалық бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселеге қатысты, қалалық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Ж.Тажмаханов, қаладағы билбордтардың жағдайы туралы қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының м.а. Н.Баймырзаев, қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысы П.Жаңабергенов хабарлама жасады.

Комиссия барысында сыртқы жарнамаларға рұқсат беру тәртібін жүйелендіру, тілдік нормалардың сақталуына бағытталған аралау шараларын күшейту, қала ішілік қоғамдық көлік қызметкерлерінің аялдама атауларын қазақ тілінде атауы, латын тілін қолданудың ережелері бекітілмегеніне қарамастан, қолдану аясы кеңейіп бара жатырғандығы және басқа да мәселелер көтерілді.

Қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев қалада тиісті талаптарға сәйкес келмейтін жарнамалық тұғырнамалардың рұқсатсыз іліну жағдайлары бар екендігін, оларды талапқа сәйкестендіру шараларын күшейтуді ұсынды.

Қоғам қайраткері, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының төрағасы, «Тіл сақшысы» газетінің бас редакторы Аңсат Сәдуақас сөз алып, 2022 жылы 21 қыркүйекте облыс әкімі Н.Нәлібаевпен «Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң талаптарының сақталуын қамтасыз етудің облыстық іс-шаралар жоспары» қабылданғандығын, қазіргі таңда осы жоспардың жүзеге асырылуын күшейту қажеттігін баса айтты және басқа да ұсыныстарын білдірді.

Қалалық мәслихат депутаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры, филология ғылымдарының кандидаты Кәрімова Бейбіткүл «Қазақ тіліндегі біршама сөздер мен сөз тіркестерінің жазылу ережелері» тақырыбында хабарлама жасап, тілдегі қазіргі жаңашылдықтарға тоқталып өтті. Мәселен, қоғамдық, әлеуметтік өмірдегі жаңа зат, құбылыс, уақиғаны атау қажеттілігінен: құзырхат, ашықхат, ғаламтор, айқұлақ, хатқалта, экоорталық, әуесерік, дәрумен секілді сөздердің пайда болып отырғандығын жеткізді. Қазақ тілінен сырттан енген сөздерді қазақ тілінің орфографиялық сөздігіне сәйкес, жазылуын насихаттау қажет екендігін айтты. Яғни, бұл мәселе тілде босаң норма деп аталады. Шекара сөзі-шегара, Аманкелді-Амангелді, қыркүйек-қыркүйег деп жазылуы қажет, осы сөздер уақыт өте келе халықтың тілдік нормасына сіңгеннен кейін бірінші нұсқа өздігінен қалады деп тұжырымдады.

Сонымен қатар, қаламызда «Көрнекі» жобасы жүзеге асырылмақ. Жоба аясында арнайы дайындықтан өткен еріктілер жылына 30 көшедегі кәсіпкерлік нысандардағы қазақ тіліне қатысты қате мен заң бұзу фактілерін анықтап, түзетілуі талап етеді және қажет жағдайда мәтіні ақысыз түрде түзетіліп, құқықтық жағынан ақпарат береді.

Отырысқа комиссия төрағасы А.Мұсабаева төрағалық етті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: