Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне орай, 5547 әскери бөлімінің сарбаздары арасында «Мен – Отанымның қорғаны» атты әскери-патриоттық сайыс ұйымдастырылды.
Сайыс мақсаты – жас сарбаздардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық рухын нығайту, әскери машықтарын жетілдіру және Ұлы Жеңіс қаһармандарын құрметпен еске алу.![]()
Сайыс барысында сарбаздар өздерінің дене дайындығын, әскери шеберлігін, тапқырлығы мен бірлігін көрсетіп, нағыз Отан қорғаушысына тән қасиеттермен сынға түсті.
Аталмыш шара – батыр бабалардың ерлігін ұмытпай, болашақ ұрпақтың бойына елге адал қызмет ету сезімін сіңіруге бағытталған маңызды қадам.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!