Сәрсенбі, 27 қараша, 04:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

«Мен Сахитжан Бермағанбетов көшесінің тұрғынымын»

26.06.2021

2230 0

Қаладағы үлкен көшелердің бірі Сұлтан Бейбарыс екені белгілі. Бұл жақтағы шағын ауданда көбіне жаңадан салынған үйлерді көре аласыз. Міне, осы жаңа аудандағы Сәулет-30 көшесінің атауы өзгерді. Енді бұдан былай бұл көше Сыр елінің сағынышына, көрермен көзайымына айналған танымал журналист Сахитжан Бермағанбетовтің есімімен аталады.

«Мен Сахитжан Бермағанбетов көшесінің тұрғынымын»

Ашылу салтанатына қала әкімі­нің орынбасары Асқарбек Есжанов, Сахитжан Бермағанбетовтің ата-анасы, бауырлары, ағайындары, журналистика саласындағы аға буын өкілдері, ұстаздары және дос­тары қатысты.

«Мен Сахитжан Бермағанбетов көшесінің тұрғынымын»

– Қаладан Сыр еліне танымал Сахитжан Бермағанбетов атына көше беріліп жатыр. Шын жүректен құттықтаймыз! Кімнің қаншалықты өмір сүргені маңызды емес. Сол сүрген өмірінде артына қаншалықты іс қалдырғаны маңызды. Осы тұр­ғыда айтар едім, өмірден жастай кетсе де Сахитжанның халқына қалдырған абыройлы еңбегі, билік пен халық арасындағы ізгі амалы бар деп. Ол қоғамда өз орны бар екенін дәлелдеп кетті. Сол себептен де оның есімі ұмытылмайды, мәңгі сақталады, – деді қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов.

«Мен Сахитжан Бермағанбетов көшесінің тұрғынымын»

Сахитжанды көпшілік жақсы таниды, жақсы көреді, құрметтейді. Содан да болар, Сахитжан Бермағанбетов көшесі деген тақ­тайшаны көрген тұрғындардың «Мынау біздің баяғы Сахитжан ғой. Жақсы болған екен. Көшесін көріп мәз болып тұрмыз», «Мен Сахитжан Бермағанбетов көшесінің тұрғынымын деп мақтана айта аламын» деген жылы сөздерін де естіп қалдық. Расында да үлкен-кішісі бар, бәрінің Сахитжан Бермағанбетовке деген ықыласы ерекше.

Сонымен бірге салтанатты ша­раға қоғам белсендісі, қаланың кө­галдандыруына өз үлесін қосып жүрген Болат Нұрхожаев келіп, көшеттер отырғызды.

– Халықтың сүйікті журналисіне айналған Сахитжанның атына берілу халықтың қалауы еді.

Ескерткіш тақта орнатылған жерге қызылордалық журналистер қауымы көшет отырғызды. Оны енді көше тұрғындары жал­ғастырады, Сахитжанның ақ ние­­тіндей таза ұстап, көшенің атына заты сай етіп қарайды деп ойлаймыз, – деді ол.

Осындай асыл азаматын ұлық­таған елі бар да оның есімі ешқашан ұмытылмайды.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: