Аталған байқауға Қызылорда қаласы мен оған қарасты кенттер мен ауылдық округтерден жалпы 36 отбасы қатысуға өтініш білдірді.
Комиссия отырысында отбасылық құндылықтарды берік ұстанған, үлгі боларлық 25 отбасы іріктеліп алынды. Оның ішінде 2 үміткердің құжаттары облыстық кезеңге жолданатын болды.
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының басты мақсаты — адамгершілік, ізгілік, отбасылық құндылықтарды жаңғырту, неке мен отбасы институтының қоғамдағы беделін арттыру, сондай-ақ отбасы келбетінің оң үлгісін кеңінен насихаттау болып табылады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!