Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, күнделікті қала тазалығы қызу жүргізіліп, тұрғындарға қолайлы жағдай туғызу мақсатында демалыс орындарының орындықтары, көшенің жарық шамдары сүртіліп, аялдамалар тазартылуда.
Бүгінгі күн жаңбырлы болса да әдеттегі жұмыс қарқынынан жаңылған жоқ. Коммуналдық қызметтің арнайы техникалары жаңбырдан жиналған суларды тартып, көлік қозғалысына кедергі келтірмеуді қамтамасыз етті. Жаяу жүргіншілер жолы да мұнтаздай тазаланды. Мұнымен қоса Н.Назарбаев даңғылы бойындағы жасыл желек аймағына көң төселіп, көктемгі егу жұмыстарына дайындық жасалуда.

Осылайша қат-қабат шаруаны тізгіндеген «Қызылорда тазалығы» және «Жасыл Қызылорда» мекемелері өз міндетін мүлтіксіз орындап келеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!