Сәрсенбі, 06 тамыз, 11:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58, 2171
05.08.2025
PDF мұрағаты

Міндеттер орындалуымен маңызды

06.08.2025

40 0

Облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілістен кейін шаһар басшысы Нұржан Ахатов сауданың цифрлық трансформациясы және өзге де мәселелер бойынша тиісті сала жетекшілеріне бірқатар тапсырма жүктеді.

– Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі «Электрондық сауда нарығын дамытудың 2027 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарын» қабылдады. Жоспар шеңберінде электрондық сауда мәселелері бойынша талаптарды жетілдіріп, қала көлемінде электрондық сауда бойынша оқу курстарын жүргізуді ұйымдастырып, кәсіпкерлерге мемлекеттік қаржылық қолдау шараларын әлі де күшейтуіміз қажет. Электронды сауданы жүргізіп отырған кәсіпкерлер тұтынушыларға ұсынылатын тауарының сапасына мән беріп, оған жауапкершілікпен атсалысқаны жөн, – деді Нұржан Сәбитұлы.

Жиында жаңа оқу жылына дайындық мәселесі де пысықталды.

– Жаңа оқу жылының басталуына да аз ғана уақыт қалды. Білім беру мекемелеріндегі күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары дер кезінде аяқталып, жаңа оқу жылына дайын болуы тиіс. Сондай-ақ, балалар қауіпсіздігін қатаң сақтау үшін мектептер аумағындағы жол белгілерін, жаяу жүргіншілер жолдарын қалыпқа келтіру қажет, – деді қала әкімі.

Аталған мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеліп, қысқа мерзім ішінде кемшіліктерді түзеу міндеттелді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: