Жексенбі, 22 желтоқсан, 07:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Министр Қызылорда-Жезқазған тас жолының құрылысы қашан аяқталатынын айтты

12.06.2024

851 0

Сурет:t.me/kolikpress

Қызылорда-Жезқазған тас жолын жөндеу жұмысы 2026 жылы аяқталады. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің сөзінше, Қызылорда мен Жезқазған арасындағы жол – 400 шақырым.

Биыл Қызылорда аумағы бойынша 210 шақырымның 140 шақырымы бойынша жол қозғалысын қамтамасыз етеміз. Яғни астыңғы қабатпен жүріп-тұруға болады. Бірақ толық құрылысын, Қызылорда жағы 2026 жылы аяқталады. Ол жақта мүлдем жол жоқ. Кейбір адамдар жолдың жағдайы нашар деп айтып жатыр. Негізі бұл өңірлердің ортасында ешқашан жол болған емес. Өз алдына жасалған бағыт болды, бірақ ешқашан жол болмаған, – министр.

Марат Қарабаев Жезқазған аумағындағы жөдеу жұмысы 2027 жылға дейін созылуы мүмкін екенін айтты.

Жезқазған жағы 200 шақырым. Оның құрылысы биыл басталады. Оны 2026 жылдың соңында бітіруге тырысамыз. 2027 жылға өтеді деген де жоспар бар. Бірақ Қызылорда-Жезқазған толық 2026 жылды қамтамасыз етеді деп жоспарлап отырмыз, – деп атап өтті Қарабаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: