Жұма, 22 қараша, 21:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

«Мұз-2024»: Балық аулау кезінде қауіпсіздікті сақтайық

22.11.2024

69 0

Облыс аумағында «Мұз-2024» акциясы өткізілуде. Акция аясында 600-ден астам тұрғынға, оның ішінде облыстың 100-ден астам балықшысына нұсқаулық жүргізілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Жандос Жүгінісов айтты.

– Күз мезгілі басталғалы Қызылорда облысы аумағындағы су айдындарында балық аулау кезіндегі қайғылы оқиғаларды болдырмау, су айдындарында қауіпсіздікті сақтау бойынша күнделікті 14:00-ден 19:00 аралығында жауапты сала мамандарын тарта отырып рейдтік профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Республикалық Kundelik.kz платформасына судағы (мұздағы) қауіпсіздік жөніндегі жадынамалар мен мақалалар еңгізілді. Kundelik.kz платформасына облыстың 295 мектебінен 100 714 оқушы тіркелген. Су айдындарында балық аулау кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бұзып, тәртіпке бағынбаған азаматтарға 7 АЕК (25 844 тг) айыппұл салынады. Осы орайда, сіздерден облыс аумағындағы су айдындарында, мұзда және балық аулау кезіндегі қарапайым қауіпсіздік шаралары мен мәдениетін сақтауды сұраймыз, – деді облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Жандос Жүгінісов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: