Қосшыңырау ауылдық округінде көктемнің жарқын мерекесі – Наурыз мейрамы жоғары деңгейде аталып өтті!
Мерекеге жиналған жұртшылық үшін қазақтың ұлттық дәстүрлеріне негізделген көріністер қойылып, ән-жырдан шашу шашылды. Арқан тарту, асық ату, қол күрес сынды ұлттық ойындар ойнатылып, балалар мен жастар белсенділік танытты. Көненің көзіндей киіз үйлер тігіліп, қонақтарға наурыз көже мен ыстық бауырсақ таратылды.
Бұл күн – ел бірлігін, татулығын нығайтатын, халқымыздың салт-дәстүрін ұлықтайтын мереке!

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!