Наурыз – жаңару мен жақсылықтың, бірлік пен ізгіліктің мерекесі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бұл мейрам жаңа мазмұнға ие болып, 15 наурыз Қайырымдылық күні ретінде белгіленді.
Осыған орай, аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, облыс көлемінде «Наурыз шапағаты» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылуда. Бұл игі шара мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, мейірімділік пен жанашырлықты дәріптеуге арналған.

Қалада өткізілген шара барысында Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, облыстың бас имамы Дастан Құрманбаев, сондай-ақ ардагер Жақай Бодықбаев ізгі тілектерін білдіріп, бата берді. Акция аясында азық-түлік тиелген 10 автобус мұқтаж жандарға жол тартты. Бұл игі іске атсалысқан барлық азаматтарға алғысымыз шексіз! Қайырымдылық – жүректен шыққан жылу, ізгіліктің бастауы. Баршаңызды жақсылық жасап, игі іске үлес қосуға шақырамыз!
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!