Сенбі, 21 желтоқсан, 19:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті

10.12.2020

1764 0

Қала әкімі мәжілісте күн тәртібіндегі мәселелерден бұрын кадрлық өзгерістерге тоқталды.

2020 жылдың 9-желтоқсанында өткен Талсуат ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындысымен ауыл әкімі қызметіне тағайындалған Жылқыбай Айбек Жамалұлын таныстырды. Жаңа басшының қызметіне сәттілік тілеп, ауылдың одан әрі өсіп өркендеуіне аянбай еңбек ететіндігіне сенім білдіретінін жеткізді.

Одан әрі мәжілісте Тасбөгет және Белкөл кенттерінде жыл көлемінде атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттері қаралды. Тасбөгеттегі толымды тірліктерді баяндаған Семсер Сыздықов кентте  жылдың 11 ай көлемінде кәсіпкерлік субъектілер саны жаңадан 119 жеке кәсіпкермен толығып, кәсіпкерлер саны 10 пайызға артып, 1200 ге жуықтағанын айтты. Саладағы тиянақты жұмыстарды талдаған Семсер Зұлпыхарұлы                 «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасына сай кентте атқарылған жұмыстарды, жетістіктері мен көрсеткіштерін жіктеді.

Ал, Белкөлде жол мәселесі толығымен шешілген деп мәлімдеген Ардақ Ибраимов кентте жарық бағаналарын орнату жұмыстары да жүйелі жүргізілгендігін айтты. Жыл басындағы есептік кездесудегі ел тілегінің бірі Белкөл кентіне қарасты Бірқазан елдімекеніне кіреберіс жолының орташа жол жөндеу мәселесі болса, қазір бұл мәселе де қала әкімінің қолдауымен өз шешімін тапқанын баяндады.

Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті

Қос кенттің көрсеткіштері мен тындырымды тірліктерін талдап,  жыл көлеміндегі жетістіктерін тыңдаған шаһар басшысы қала іргесінде қанат жайып, тірлігі түлеген Тасбөгетте мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп отырған азаматтардың қатары әлі де аз екенін айтып, мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары бойынша тапсырысты түгендеп, ауыл шаруашылығын цифрландыру жұмыстарын жыл аяғына дейін аяқтауды тапсырды. «Бизнестің жол картасы 2020» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары арқылы Белкөлде бизнес бастаған азаматтар санының төмендігін сынға алған шаһар басшысы кентте қылмыстың ашылуы мен айыппұлды өндіруге, санитарлық тазалыққа байланысты да кемшіліктердің барын атап өтті.

Қос басшыға да бірқатар сын-ескертпелер айтқан қала әкімі жұмыстарын ширатуды тапсырып, жыл аяғына дейін тапсырылған міндеттерді межелі орындап, көрсеткіштерді көтеруді жүктеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: