Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі азық-түлік, жанар-жағармай бағаларын шекті құннан асырмау қажеттігін тапсырды

12.01.2022

1414 0

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қаладағы ірі сауда нысандары мен май құю бекеттерін аралап, әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын тексерді.Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шұғыл шешімдерінің нәтижесінде қазіргі таңда облыста сұйытылған газ бағасы литріне 60-65 теңгеден, АИ-92 маркалы бензин орташа 180,2 теңгеден, дизель отыны 229,9 теңгеден саудалануда. Өңірде қажетті жанар-жағармайдан тапшылық жоқ.

Аймақ басшысы «Sinooil», және «Qazaq Oil» жанар-жағармай бекеттеріне барып, жауапты сала басшыларына бензин және дизель отынының құны бекітілген шекті бағасынан аспау керектігін тапсырды. Сондай-ақ, тапшылықты туындатпау үшін нақты қадамдарды алдын-ала әзірлеу және отын қорының жеткілікті болуын тұрақты қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ, облыс әкімі «Small» және «Magnum Cash&Carry» сауда үйлеріндегі азық-түлік қоры мен күнделікті маңызы бар өнімдердің бағасымен танысты. Әсіресе, көкөніс өнімдері мен ұнның бекітілген шекті бағадан асырмауды міндеттеді және бірқатар ескертулер берді.

Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын мемлекеттік реттеуде облыста жыл сайын жергілікті бюджеттен қаржы бөлніп тұрақтандыру қоры толықтырылуда. Биылдың өзіне 1,3 млрд. теңге қарастырылып отыр. Аймақ басшысы облыс орталығындағы тұрақтандыру қоры қоймасының жұмысымен де танысты. Қазіргі таңда өңірде азық-түлік қорында тапшылық жоқ. 34 әлеуметтік дүкен қалыпты жұмыс істеуде. Тұрақтандыру қорының қоймасында 1,5 мыңға жуық тонна өнім сақталып, төмен бағада сатылуда. Облыс әкімі әлеуметтік маңызы бар тауралардың бағасы қолжетімділігі мен азық-түлік қорының жеткілікті болуын күнделікті бақылауда екенін жеткізді.«Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында азық-түлік жеткілікті. Ең бастысы, бағасы килограмына 130 теңгені құрайтын ұнның 440 тоннасы резервте тұр. Одан басқа, айналым схемасы бойынша кәсіпкерлермен келісім бойынша 7 мың тонна ұн әкелінетін болады. 100 тоннадан қарақұмық, күріш, макарон өнімдері мен көкөністер сақтаулы. Көрші Түркістан облысымен келісім бар, жетіспейтін азық-түлік бойынша 122 кәсіпкердің тізімі жасақталды. Тапшылықты болдырмаймыз», – деді облыс әкімі.

Облыс әкімі азық-түлік, жанар-жағармай бағаларын шекті құннан асырмау қажеттігін тапсырды

Мұнан бөлек, облыс бойынша алдын-ала жинақталған мәлімет бойынша басқа да кәсіпкерлік субъектілерінің сауда үйлері мен азық-түлік қоймаларында бүгінгі күнге 115,3 мың тонна өнім қорлары бар.

Әлеуметтік маңызы бар тауарларды қамтамасыз етудің жай-күйін саралаған облыс әкімі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысына жұмысты жүйелі түрде жалғастырып, күнделікті жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.

Облыс әкімі азық-түлік, жанар-жағармай бағаларын шекті құннан асырмау қажеттігін тапсырды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: