Сейсенбі, 19 қараша, 03:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91-2101
16.11.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі мәжіліс өткізді

29.06.2024

560 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте өңірдегі бірқатар мәселе талқыланды. Алдымен аймақ басшысы Үкімет делегациясының облысқа жасаған жұмыс сапарының қорытындысы туралы айтты.

– Үкімет басшысы қолға алынған жұмыстарға оң бағасын берді. Енді осындай игіліктер аудандарда да жүзеге асуы керек. Үш күн ішінде бюджет қаражатынан тыс, демеушілік есебінен атқарылған істер туралы ақпаратты жинақтап, облыс әкімі аппаратына ұсыныңыздар. Экономикалық көрсеткіштер жоғары болуы маңызды. Барлығы заң аясында орындалуы керек екенін ескеріңіздер», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Облыс әкімі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жыл соңына дейін жалғасатынын айтты.
«Ауылдық округ әкімі мен учаскелік полиция қызметкері сол ауылдың тұрғыны болуы керек» деген тапсырма бұған дейін бірнеше рет талқыланып, нақты міндет жүктелген болатын. Бүгінгі жиында осы тапсырманың орындалуы қаралды. Орындалмаған жағдайда аудан әкіміне шара көрілетіні ескертілді.

Күн тәртібінде қысқа дайындық, әлеуметтік нысандарды су, жарықпен қамтамасыз ету мәселелері де көтеріліп, жауапты тұлғаларға тапсырма берілді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: