Сенбі, 21 желтоқсан, 23:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі өзекті мәселелер бойынша жиын өткізді

15.12.2024

458 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен бюджет қаржысын игеру, құрылыс нысандарындағы жұмыс қарқыны, жылу маусымының барысы, коммуналдық қызметтердің көрсетілуі талқыланған жиын өтті. Басқосуға қала, аудан әкімдері, жауапты сала басшылары қатысты.

Аймақ басшысы осыған дейін берілген тапсырмалардың орындалуына тоқталып, межелі көрсеткішке қол жетпеген жағдайда жауапкершілік бірінші басшылардан сұралатынын ескертті.

«Жыл соңына дейін бюджет қаражатын тиімді игеріп, нақты бағыттарға жұмсау қажет.
Биыл аяқталатын құрылыс нысандарындағы жұмысты бақылауға алыңыздар. Мердігер мекемелермен ұдайы байланыста болып, құрылыстың басына барып тексеріңіздер. Бірінші әрі басты талап – сапа, сосын жұмысты мерзімінде аяқтау керек.

Жылу беруде ешқандай кедергі туындамауы тиіс. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандарды, тұрғын үйлерді қамтамасыз етіңіздер. Аудан, ауылдарда көмір тапшылығы болмасын.
Мереке күндері коммуналдық қызметтердің жұмысы үздіксіз болуы қажет», – деді Н.Нәлібаев.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: