Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов жұмыс сапарымен Шиелі ауданында болды.
Аудан әкімі Нұржан Ахатовпен бірге Жақаев ауылында орналасқан №149 мектептің, Шиелі кентіндегі №45 мектептің және Бидайкөл елді мекенінде орналасқан №148 мектептің бу қазандықтарын газды отынға ауыстыра отырып реконструкциялау жұмыстарымен танысты.
Осыған дейін Шиелі ауданында 6 мектеп пен 6 балабақша газды отынға ауыстырылса, биылғы жылы тағы 2 мектеп ауыстырылды, жылу маусымына дейін тағы бір мектеп газға қосылады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, Байсын елді мекенінде жаңадан салынып жатқан №207 мектеп құрылысының басына барып, мердігермен жолығып, құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтау керектігін ескертті.
Бидайкөл елді мекенінің кіре берісіндегі «Шиелі-Қарғалы-Байкенже- Жаңақорған» автомобиль жолының 0 км-де орналасқан көпірді күрделі жөндеу жұмыстарын бақылап, жұмысшылармен пікірлесті.
«Шиелі – Жеміс-жидек» автожолының 14,2 шақырымды орналасқан көпірді күрделі жөндеу және Жуантөбе ауылына кіре берістегі 6 км автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстарына да көңіл бөліп, сала мамандарына нақты тапсырмалар берді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!