Дүйсенбі, 28 сәуiр, 20:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30, 2142
26.04.2025
PDF мұрағаты

Облыс әкімінің орынбасары өндіріс орындарының жұмыс барысымен танысты

28.04.2025

127 0

Облыс әкімінің орынбасары А. Зебешев қалада орналасқан өндіріс орындарының жұмыс барысымен танысты.

Алдымен, «Қызылорда Нан» серіктестігі қолға алған, нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіру кешенінің құрылысымен танысты. 

Жоба Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген. 

Жоба 3 кезеңнен тұрады:

  • І кезеңде: нан – тоқаш,  кондитерлік және макарон өнімдерін өндіріледі, 
  • ІІ кезеңде – ұн тарту комбинатын салу, 
  • ІІІ кезеңде: өсімдік майы өндіріледі. 

Инвестициялардың жалпы көлемі – 3,8 млрд. теңге. Жобаны іске асыру үшін мемлекеттік қолдау шарасы ретінде 5 гектар жер телімі бөлінді.

Әрі қарай, «Панабек» серіктестігі 2003 жылдан бері жиһаз өнімдерін (кеңсе, асхана, мектеп және т.б.) шығарумен айналысады. Кәсіпорын 40 адамды жұмыспен қамтып отыр. 

Сонымен қатар, серіктестік кеңейту үшін қаладан ауданы 2,7 мың шаршы метр жер телімін сатып алды. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары 80%-ға аяқталып ішкі және абаттандыру жұмыстары қалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: