Сейсенбі, 26 қараша, 11:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Облыс халқының 98,1 пайызы таза ауыз су тұтынады

07.09.2023

635 0

Облыстағы 230 ауылдың 198-і немесе тұрғындардың 98,1 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Қалған 32 ауылда 8 мыңнан астам адам, яғни ауыл халқының 2 пайызы қоныстанған.

Мемлекет басшысы 2021 жылғы Жолдауында Үкіметке алдағы бес жылда халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырғаны белгілі. Осыған орай жоғарыда аталған 32 елді мекенге қатысты кезеңдік жоспар жасалып, жұмыстар жүргізілуде.Оның ішінде, Экология және табиғи ресурстар министрлігі арқылы 3 елді мекенге (Арал ауданындағы Ақбасты, Абай, Тоқабай), Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арқылы 5 елді мекенге (Арал ауданындағы Көктем, Ерімбетжаға, Қазалы ауданындағы Шәкен, Шиелі ауданындағы Қызылқайың, Қосүйенкі) су желісі тартылады.

Жергілікті бюджеттен 24 елді мекенге (Арал ауданындағы Жіңішкеқұм, Мойнақ, Құланды, Тастүбек, Күршек, Сазды, Қазалы ауданындағы Қожақазған, Мәдениет, Тапа, Ажар, Бірлік, 101 разъезд, 102 разъезд, Сарбұлақ, Жұбан, Шилі, Шөлқұм, Қармақшы ауданындағы Ордазы, Сарытоғай, Кекірелі, Шобанқазған, Шиелі ауданындағы Лесхоз, Жуантөбе, Ақтам) су тұщытқыш қондырғылар орнату жоспарлануда.Айта кетейік, биыл сумен қамту және суды бұру саласындағы 23 жобаға 7,2 млрд.теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде 83,7 шақырым ауыз су, 6,9 шақырым кәріз жүйесі мен 12 дана КНС жаңғырылып, 7 ұңғыма пайдалануға беріледі.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: