Сәрсенбі, 03 шiлде, 08:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына жаңа басшы тағайындалды

22.09.2021

689 0

Облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы лауазымына Есжанов Асқарбек Темірбекұлы тағайындалды.


Асқарбек Есжанов 1978 жылы туған. Қызылорда мемлекеттік университетін «Тарих және құқық пәнінің мұғалімі», Қызылорда гуманитарлық университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.


Еңбек жолын 1999 жылы Қызылорда экология және құқық колледжінде оқытушы болып бастап, 2002-2005 жылдары – Қызылорда облысының мәдениет басқармасының кітапхана, музей, тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау бөлімінде маман, бас маман.


2005-2007 жылдары – Қызылорда облыстық сотында, 2007 – 2010 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратында жауапты қызметтер атқарған.


2010-2013 жылдары облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы, бөлім басшысы.


2013-2019 жылдар аралағында Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы, Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы, қалалық мәслихатының аппарат басшысы;


2019-2020 жылдары Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін басқарып, 2020 жылдан осы кезге дейін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: