Жұма, 27 желтоқсан, 06:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Өңірде 3 инвестициялық жобаны іске асыру жұмыстары басталды

11.11.2024

640 0

Қараша айының үшінші жексенбісі – ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Ел қамбасын мол астыққа кенелтіп, саланың өсіп-өркендеуіне аталған сала еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. Олар өздерінің қажырлы еңбегімен ел қоржынын сары алтынға толтырып, үнемі үздік нәтижеге қол жеткізіп келеді. Мәселен, биыл жиналған 189,4 мың гектар ауыл шаруашылығы дақылдары дәл осы қызметкерлердің дамылсыз еңбегінің арқасы. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев сала қызметкерлерін мерекемен құттықтап, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

– Агроөнеркәсіптік кешен – қоғам үшін өмірлік маңызы бар өнімдер өндірілетін және орасан зор экономикалық әлеует шоғырланған кез келген ел экономикасының құрамдас бөлігі. Биыл өңірде 3 инвестициялық жобаны іске асыру жұмыстары басталды. Тамшылатып суару әдісімен 800 гектарға жүгері, жаңбырлатып суару әдісімен 184 гектарға сүрлемдік жүгері мен жоңышқа егілді. Су шығынын азайту мақсатында егістік жерлерді лазерлік тегістеудің маңызы зор. Соңғы жылдары диқандар күріш егістіктерінің 55 мың гектарын лазерлік тегістеуден өткізді. Нәтижесінде, суды үнемдей отырып, өнімділікті 30 пайызға арттырдық. Ауыл шаруашылығы саласының өндірісі аймағымыздың әлеуметтік экономикалық дамуында маңызы зор екенін ескере отырып, алдағы уақытта саладағы мақсат-міндеттерге қол жеткізу жолында қарқынды шаралар ұйымдастырылып, тиісті жұмыстар атқарылатын болады, – деді Талғат Тұрсынұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: