Дүйсенбі, 25 қараша, 14:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Өзіміздің өнімді таңдайық!

05.12.2022

1315 0

Қызылорда қаласында жеке кәсіпкер Дархан Асан «Qyzylorda» арнайы белгісімен шоколад шығаруда. Сіз бен біз білетін «Қазақстан» мен «Аlpen gold» тәттісінен кем түспейтін өнімді жерлестеріміз дайындап отыр. Кәсіп иесінің айтуынша, бүгінде цехтан шығатын өнім облыстың жиырмадан аса дүкендерге өткізіледі.

– Бұл кәсіпті бастағанымызға бір жылға жуықтады. Шоколадтың дайындалу әдісі бұрыннан қызықтыратын. Сол кезде осыны өзіміз дайындасақ қаламыздың өз өнімі болар еді деп ойлайтынмын. Сол идеяны іске асыратын уақыт келіп, қолға алған жайымыз бар – дейді кәсіпкер.

Өзіміздің өнімді таңдайық!

Бүгінде олар аптасына 300-ден аса тәтті өнімді сатылымға шығаруда. Шоколадтың екі түрі бар. Цехтың өніміне қала дүкендері де қызығушылық танытуда.

– Керек шикізатты Ресейдің Калининградынан, сосын өзіміздің Қарағандыдан алдырамыз. Алғашында қиындық болды. Шығын да аз емес. Шоколад дәміне келтіру – өте қиын жұмыс. Қазір екі түрлі тәттіні халыққа ұсынып отырмыз. Бұның басты айырмашылығы сол, Сыр өңірінен шығатын өнім болатыны бізді қатты қуантады. Біз әу баста осыны армандадық, – дейді Дархан.

Қызылордада шығатын шоколадтың дизайны өзгеше, салмағы 90 грамм болатын тәттінің келешекте аймақтық брендке айналатынына сенім мол. Тек жергілікті кәсіпкерлік саласына жетекшілік ететін орындар қолдауын аямаса болғаны.

– Кәсіп бастауға ниетті болғанымен, оны неден бастау керегін, жолын біле бермейміз. Өндіріспен айналысып, өз өніміңді шығару да оңай шаруа емес. Істің көзін тапқанмен оны әрі қарай алып кетуге де көп күш жұмсалады. Қаржы табу, оны жөнімен жұмсай білу де қажет. Мемлекеттік “Бізнестің жол картасы 2025” бағдарлама аясында қайтарымсыз грант ұтып алып, кәсібімізді дөңгелетіп отырмыз. Одан бөлек, “Қызылорда” өңірлік инвестициялық орталығы арқылы несие алғанбыз,- деді кәсіпкер.

Тәтті өнімдерді дайындаудың өзіндік технологиясы, әдіс-тәсілі бар. Одан ауытқысаң өнім ойдағыдай шықпауы мүмкін. Дархан Асан шоколад жасаудың арнайы курсын өтіп, сол арқылы оны әзірлеу әдісін игерген. Бүгінде олар күніне 300-ден аса тәтті өнімді сатылымға шығаруда. Жоба құны 14 млн. теңге болатын кәсіпорында айына 300 кг шоколад өнімдері өндіріледі.

Өнімді өндірген соң, оны сатылымға шығару да еңбекті қажет етеді. Қазір облыстың барлық ауданы өзіміздің өніммен қамтылған. Олар Қызылордадан шыққан өнім деп ерекше қуанады екен. Тапсырыс та ауыл-аймақтан көп түседі. Әрі қарай дүкен иелері өз бағасын қояды.

Өндіріс орнының, кәсіпкердің ісіне сәттілік тілеп, отандық өнімді өндіріп, ел тұрғындарын сапалы өніммен қамтуда аянбай еңбек ете беруіне тілектестігін білдіреміз. Сондай-ақ, шағын және орта кәсіп иелеріне мемлекет тарапынан, қашанда, тиісті қолдаулардың болатынын тағы бір еске салып, азаматтың ісі көпке үлгі болуы керектігін айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: