Тұңғыш Президент саябағында Қызылорда облысының 85 жылдығы және Қала күні мерекесі аясында “OPEN AIR» ЖАСТАР ФЕСТИВАЛІ өтті.
Кеште тыңдарманның жүрегінен орын ала білген, көпке танымал, жастардың сүйікті әншісі QANAY кештің басты қонағы болды. Әсем әндер шырқалған би кешін әрі қарай DJ JOKER жандандырды.
Жаңаша көзқарас, жаңа леппен жалғасқан қала күнінің мерекелік кешінде жастар көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.
Айта кету керек, мерекелік кешке келушілерге 6 бағыт бойынша үлкен сыйымдылықтағы қоғамдық көліктер қызмет көрсетті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!