Бейсенбі, 28 қараша, 07:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Орталық саябақ қаншалықты қауіпсіз?

19.06.2021

1969 0

Жаз басталса болды, қала тұрғындары балаларын орталық саябаққа алып баратыны белгілі. Ондағы аттракциондар алыстан-ақ мен мұндалап, өзіне шақырып тұрады. Айналмалы үлкен карусельге мінгендер қаланы түгел көргендей әсер алады. Ал жоғарыға көтеріп, төмен қарай бірден тастап жіберетін «Циклоп» аттракционын жұртшылық «Америкалық горка» деп атайды.

Әрине, саябаққа барып, аттрак­ционға мінген жақсы. Балалар кәдімгідей қуанып қалады. Бірақ ондағы ойынға арналған құрылғылар қаншалықты қауіпсіз? Арнайы мамандар тексеріп, рұқсат берген бе? Қазіргі жағдайы қалай? Міне, осы мәселелерді бақылау мақсатында бейсенбі күні «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанын­дағы партиялық бақылау комиссиясы қалалық саябаққа барды.

Партиялық бақылау комиссиясы­ның мүшелерін қалалық мәдениет бөлімінің мамандары мен саябақ басшылығы күтіп алды. Қазір қалалық саябақ Мырзахан Есдәулетов бас­қаратын «Есхан и К» ДК сенімгерлік басқаруға берілген.

– Өткен жылдың қазан айынан бастап қалалық саябақты 5 жылға сенімгерлік басқаруға алдық. Жалпы бір маусымда түскен пайданың 75 проценті мемлекетке өткізіледі. Биыл мамыр айынан бастап жұмысымыз­ды бастадық, – деді Мырзахан Бауыржанұлы.

Саябақтағы аттракциондардың тех­никалық қауіпсіздігіне жауапты маман Темірболат Ермаханов балалар ойнауға арналған құрылғылардың жағдайы жақсы екенін жеткізді. Оның айтуынша, осы жылдың наурыз, сәуір айларында барлық аттракционды ар­найы мамандар тексерген.

Партиялық бақылау комиссиясы­ның өкілдері балалар ойнайтын аттракциондардың құжаттарын тек­­­серіп, техникалық жағдайын бақы­­лады. Сонымен қатар аттрак­цион­дардың қаншалықты қауіпсіз екенін көрді. Бақылау барысында электронды қайықтарға арналған бассейннің суы ластанып кеткені, оны жиі ауыстырып тұру қажеттігі айтылды. Бұдан бөлек балалар ойнап жүргенде барынша қауіпсіздікті сақтау керектігі назарға салынды.

Саябақ басшысы Мырзахан Есдәулетов өңірімізде күн райы ыс­тық болғандықтан адамдар кешкі сағат 21-де келетінін айтып, сол себепті саябақ жұмысын түнгі сағат 24-ке дейін ұзартуды сұрады.

Камила ДӘРІҚҰЛОВА,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің
III курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: