Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 21:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ортақ меншікке тұрғындар жауапты болады

09.07.2022

740 0

Енді тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселесі бойынша «Пәтер иелері кооперативі» қызметін «Меншік иелері бірлестігі» атқаратын болады. Бұл туралы қала әкімдігінде өткен брифингте қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Абзал Рысбек мәлім етті.

Президент 30 маусымда электр энергетикасы, жер қойнауын пайда­ла­ну, жергілікті мемлекеттік басқару және ТКШ мәселесі бойынша заң­намалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін заңға қол қойған. Соның негізінде ортақ мен­шікті күтіп ұстауға тұрғындар жауапты болады.

– Бұған дейін қала аумағындағы көпқабатты үйлердің күтімі «Пәтер иелері кооперативінің» құзырында еді. Олардың жұмысына тұрғындар тарапынан шағымдар көп келетін. Жаңа заңға сәйкес енді бұл жауап­кер­шілік меншік иелерінің өздері­не жүктеледі. Қазіргі таңда кондоми­ниум объектілерін басқарудың жаңа нысанын құру бойынша шаралар қолға алынды, – деді бөлім басшысы.

Бүгінде қала бойынша 575 көп­пәтерлі үйдің 568-і ЖС (жай се­ріктестік), 7-нен МИБ-ке (меншік иелері бірлестігі)  ауысқан. Ендігі 568 көппәтерлі үйді МИБ-ке ауыстыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Мен­шік иелері бірлестігіне екінші деңгейлі банк, «Қазпошта» АҚ ар­қылы есеп­шот ашылады. Ондағы қа­ражатты тұрғындар пәтер мәселесі бойынша қажеттілікке жаратады. «Тұрғын үй қатынастары» заңының 10-3 бабына сәйкес кондоминиум нысандарын бас­қаруға және ортақ мүліктерді күтіп ұстауға жұмса­латын шығынның ең төменгі мөл­шері 1 шаршы метрге – 23 теңге болып бекітілді. Қазір МИБ-ке ауысқан 7 көппәтерлі тұрғын үйдің 2-еуі есепшот ашып, жаңа жүйеге көш­кен. Алдағы уақытта қалған тұр­ғын үйлерді осы жүйеге көшіру көз­делуде. Бұл шара келер жылдың 1 шіл­десіне дейін аяқталуы тиіс.

 Ақмешіт-ақпарат

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: