Бейсенбі, 25 қыркүйек, 11:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№72, 2185
23.09.2025
PDF мұрағаты

Отбасы күні – Қызылордада ерекше аталып өтті

25.09.2025

131 0

Қызылорда облысы бойынша “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының филиалы Отбасы күніне орай 10 күндік ауқымды шаралар тізбегін ұйымдастырды. Мерекелік іс-шара барысында 800-ден астам куәлік салтанатты түрде табысталды.

Шара аясында отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында түрлі куәліктер салтанатты түрде табысталды. Олардың қатарында Гауһар той, Алтын той, Күміс той, Неке қию, сондай-ақ зейнеткерлік пен туу туралы куәліктер бар.

Сонымен қатар, тұрғындарға арналған отбасын жоспарлау, құндылықтарды дәріптеу, психологиялық және құқықтық бағыттағы арнайы семинар сабақтар мен кездесулер ұйымдастырылды. Бұл шаралар қоғамда отбасының рөлі мен маңызын түсіндіруге, сондай-ақ жастарға бағыт-бағдар беруге арналды.

«Отбасы – қоғамның негізі, береке-бірліктің бастауы. Біз үшін әрбір тұрғынға қуанышты сәтінде қолдау көрсету – үлкен мәртебе. Осындай шаралар арқылы отбасы институтының қадірін арттырып, ұрпаққа өнеге болатын ізгі дәстүрлерді жалғастыруға үлес қоса аламыз», – деді облыстық филиал директорының орынбасары Жанар Абрайханқызы.

Бұл шаралар аймақ тұрғындарына ерекше қуаныш сыйлап қана қоймай, қоғамдағы отбасы құндылықтарының маңызын тағы бір мәрте айқындады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: