Бейсенбі, 28 қараша, 04:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Патриоттық шеруге сеп болған даңғыл

04.06.2022

1445 0

Соңғы жылдары қаламызда жол инфрақұрылымын дамыту бойынша қарқынды тірлік атқарылуда. Облыс орталығында жол қатынасына байланысты мәселелер шешімін тауып, жыл өткен сайын жақсарып келеді. Тақтайдай тегіс көшелер қала көркіне көрік қосары сөзсіз. Соның бірі – Тәуелсіздік даңғылының жалғасы саналатын, шағын аудандардың арасын қосатын жаңа магистральды жол. Халықаралық балаларды қорғау күнінде жаңа жол ашылып, пайдалануға берілді.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала тұрғындарын жаңа жолдың ашылуымен құттықтады.

– Адам мен адамды бауырластырып, ел мен елді жақындастыратын жайлы жолдың жайы қай кезеңде де халық үшін маңызы аса зор. Бүгінгі күні қаламыз қарқынды дамып, аумағы кеңейіп, халқының саны да артып келеді. Жаңадан шағын аудандар бой көтеріп, зәулім ғимараттар салынуда. Осы ретте, тұрғындар үшін жүріп-тұруға қолайлы жағдай жасау, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету – алдымыздағы басты міндеттің бірі. Шын мәнінде, жол қатынасы – бұл ең үлкен өмірлік қажеттілік деуге болады. Ендеше, жол құрылысын жүргізген мамандарға алғыс айтамыз, оның иігілігін ел көруді нәсіп етсін, – деді облыс әкімі.

Мерекелік шара барысында еңбек арда­гері, «Қызылорда қаласының құрметті аза­маты» Жарылқасын Шәріпов жаңа жолдың ашылуымен құттықтап, ақ батасын берді.

Ұзындығы 4,6 шақырымды құрайтын жаңа магистарльды жолда патриоттық шеру өткізілді.

Дамира Ерлан,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: