Сенбі, 23 қараша, 00:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

«Пиротехникалық заттарды» қолданарда абай болыңыз!

30.12.2020

4398 0

Қызылорда қаласында сауда орындары мен базарларда 15 желтоқсан – 2021 жылғы 07 қаңтар аралығында күнделікті «ПИРОТЕХНИКА» жедел профилактикалық іс шарасы жүргізілуде.
Бұл туралы бүгін қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жасұлан Түйменов баяндады.
Аталған шараға Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар баскармасы мен Қызылорда қаласы Полиция басқармасы қызметкерлері жұмылдырылған.
Профилактикалық шара мереке қарсаңында көршілес елдерден әкелінген, сертификаты жоқ пиротехникалық жарылғыш, жанғыш заттардың заңсыз сатылуын алдын алу мақсатында ұйымдастырылуда. Себебі, пиротехникалық заттарды адам көп жиналатын орындарда, балалардың кез-келген жерде бей-берекет атып ойнауы салдарынан өрт оқиғаларына, тағы да басқа қайғылы жағдайларға жол беріліп, сонымен бірге өздерінің күйік жарақатын алу фактілеріне әкелуде.
Рейд барысында күнделікті адамдар көп шоғырланатын орындарда, базарларда заңсыз пиротехникалық бұйымдарды сатқан үш базар сатушыларынан 201 дана (екі жүз бір) пиротехникалық бұйымдар тәркіленіп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 196-бабында көрсетілген (Еркiн сауда жасауға Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен сауда жасау) талаптарына сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш 69450 теңге мөлшерiнде айыппұл салынды.
Сертификатсыз, лицензиясыз пиротехникалық жарылғыш заттар мен фейерверктерді сатқан кәсіпкерлерге және ереже талаптарын сақтамаған азаматтарға Қазақстан Республикасының тиісті заң талаптарына сәйкес әкімшілік шара қолданылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: