Жексенбі, 22 желтоқсан, 15:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Погондағы тәуелсіздіктің төл құрдастары автошеру ұйымдастырды

15.12.2021

1157 0

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының 91 жылғы туылған тәуелсіз елдің төл құрдастары Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай автошеру ұйымдастырды.


​«Кез келген мемлекеттің Тәуелсіздігін айқындайтын қасиетті белгілер – мемлекеттік рәміздер. Сол себепті, рухымызды аспандатар көк байрағымызды жоғары көтерген шерушілердің басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезім ұялату», – дейді Қызылорда қалалық Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушысы, полиция полковнигі Жаназаров Әбдібек Сламбекұлы.


«1991 жылдың 16 желтоқсаны – барша қазақстандықтардың ең бақытты, аңсаған арманына жеткен күні, тәуелсіздіктің таңы атқан күн. Мен де осы тәуелсіздіктің куәгері ретінде осы жылы дүние есігін аштым. Тәуелсіздіктің төл құрдасымын. Мен өзімді егемен елде, тәуелсіздіктің таңы арайлап атқан бақытты Қазақстанда туғаныма шексіз қуанамын. Міне, содан бері 30 жыл зырғып өте шықты. Азаттықтың арқасында біз бақытты балалық шақта өсіп, алаңсыз білім алып, шаттыққа толы студенттік өмірді көріп, қазір еш уайымсыз ашық аспан астында берекелі де мерекелі ғұмыр кешудеміз. Елбасымыз «Болашақ – жастардың қолында»,- деп жиі айтады, бізге үлкен сенім артады. Сол кемел келешекті жасайтындар – «Тәуелсіздік құрдастары»» – дейді тәуелсіздіктің төл құрдасы Сыздықов Ернұр.


Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

Погондағы тәуелсіздіктің төл құрдастары автошеру ұйымдастырды
Погондағы тәуелсіздіктің төл құрдастары автошеру ұйымдастырды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: