Қызылорда қаласында 2020 жылдан бастап экологиялық – санитарлық талаптарға сәйкес жылдық қуаты 60 мың тоннаны құрайтын қоқыс сұрыптайтын кешен жұмыс істеп келеді.
«Белкөл» кентінен 7,5 шақырым қашықтықта орналасқан полигон тұрмыстық қатты қалдықтарды залалсыздандыру, оны сұрыптаудан өткізу және көму жұмыстарымен айналысады.
Қазіргі таңда кәсіпорында 30-дан аса адам 9 техника көмегімен тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау қызметімен айналысуда.
Кешен күніне 150-160 тонна қалдықтарды сұрыптаудан өткізеді. Осы сұрыпталған шикізат өнімдерінің 45-50 тоннасы қайталама пайдалану үшін тиісті мекемелерге жөнелтілуде.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!