Бүгін қала әкімі Ғанибек Қазантаев ақын Серік Ыдырысовты қабылдап, 63 жас мерейтойымен құттықтады.
Серік Ыдырысұлы қазақтың қасиетті қара домбырасын қолға алып, ұрпақты ұлттық өнермен сусындатып, дүйім елдің құрметіне бөленген Сырдың біртуар азаматы, тұлғалы ақыны. Бүгінде 63 жасқа келген өнегелі өмірі иесі саналы ғұмырында бойға біткен асыл өнер дана халқымыздың сөз өнері, суырып салма ақындықты насихаттап келеді.
Кездесуде қала әкімі Серік Ыдырысұлының ұлттық өнерді ұлықтаудағы еңбегіне ерекше тоқталып «Бүгінде бабадан қалған асыл өнерді ұлықтаумен бірге педогог-ұстаздықты қатар алып, шәкірт тәрбиелеп жүрген, туған жұртыңыздың мақтан тұтар тұлғаларының біріне айналдыңыз. Алашқа азулы ақын болып танылған сізді Сыр топырағының киесінен шабыт алған айтыстың ақтаңгері ретінде жақсы білемін және құрметтеймін» – деп, ақынды туған күнімен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.
Өз кезегінде мерейтой иесі ел азаматына құрмет көрсеткен қала әкімі Ғанибек Қонысбекұлына ризашылығын білдірді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!