Бүгін қала әкімі Ғанибек Қазантаевқалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаевпен және мәслихат депутаттарымен бірге шаһар іргесіндегі Қосшыңырау, Қарауылтөбе, Қызылжарма ауылдық округтерінебарып, ауыл халқымен кездесіп, тұрғындармен тілдесті.
Басшылық қызметке келгеніне аптаның жүзі болған қала әкімі елді-мекендердің әл-ауқаты мен тұрмыс тіршілігін көзбен көріп, жалпы ахуалмен танысты. Жиында ауыл әкімдері елді-мекендердің экономикалық көрсеткіштері, кәсіпкерлік саласының дамуы, салық түсімі, қоғамдық саяси ахуалытуралы хабарлама жасап, жұмыс жоспарларын да ортаға салды.
Келелі жиынға келген ауылдықтардың айтар уәжімен талап-тілектерін, пікірлерінмұқият тыңдап, алда атқарылар бірқатар жұмыстарды талқылаған қала әкімібұған дейін ел басқарған азаматтардың жұмысын сәтті жалғап, ауылдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартып, дамыту бағытындатұрғындармен бірлесіп, ақылдасып, жүйелі жұмыстарды жүргізетіндігін жеткізді. Сонымен қатар ауылдардағы Қоғамдық кеңестің жұмысын тиімді ұйымдастыру керектігін ерекше атап өтіп, қала іргесіндегі көпшілікті кәсіпкерлікке көбірек көңіл бөлуге шақырды.
Өз кезегінде жаңа әкімді жылы қарсы алған ауыл халқы Ғанибек Қонысбекұлының алда атқарар жұмыстарына сәттілік тілеп, әлеуметтің әлеуетін арттырар ауқымды жобаларды қолға алатындығына сенім білдіретіндіктерін жеткізіп, ақ батасын берді.
Айта кетейік, шаһар басшысы қалаға қарасты кент пен басқа да ауылдық округтерге арнайы барып, халықтың көкейіндегі сауалын тыңдап, көпшілікпен жүздесетін болады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!