Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімі: «Инватаксидің қолжетімді болуына жағдай жасаймыз»

25.12.2020

2673 0

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қабылдады.

Шаһар басшысы алдағы жылдан бастап олардың жеке көмекшілеріне төлем 8 сағаттық көлемде 365 күнге жүргізілетінін айтты. Кепілдендірілген қаражат есебінен зейнетақы қорына аударым жасау мәселесін шешу үшін құзырлы органдарға құжат жолданды.

Қамкөңіл жандар қажеттілікке қарай шаштараз, сауда дүкендері секілді әлеуметтік нысандарға қатынау үшін инватакси қызметін қолжетімді етуді сұрады.

– Алдағы жылдан бастап еңбекті қорғау заңнамасы аясында осы мақсатта инватакси қызметін пайдалануға мүмкіндік жасаймыз, – деді қала әкімі. 

Бұған дейін 11 көлік инватакси қызметін атқарса, бүгінде олардың саны 13-ке жетіп отыр.

Көп тілегінің тағы бірі ІІ топ мүгедектері қоғамдық көлікте тегін жүрсе дегенге саяды. Осы орайда сала басшыларына қажетті субсидия көлемін есептеп, тез арада ұсыныс беру жүктекді.

Қабылдауға келген азаматтар 2019 жылдың наурыз-сәуір айларында жеке көмекшілерге қызмет ақысы төленбегенін айтып, оны өндіру бойынша заң аясында көмек беруді сұрады. Өз кезегінде Н.Нәлібаев төлем жүргізуге бюджет мүмкіндігі толық жететінін, бұл бағытта жыл басында заң жүзінде жұмыс жүргізілетінін жеткізді.

Ал ипотекалық пәтер алған жандардың төлем жүктемесін азайту немесе субсиядалау мәселесін көтерген азаматтарға қала әкімі бұл сауалдың мәжіліске жолданғанын, зерделеніп жатқанын келтірді.

Кездесу барысында облыстық мылқаулар қоғамының төрайымы Алтынкүл Аяпова шаһар басшысының тапсырмасымен биыл мылқаулар клубы ғимаратының демеушілік есебінен күрделі жөндеуден өткенін қуана тілге тиек етті.

– Бұл – бізге жасалған көп қамқорлықтың бірі ғана, – деді ол.

Қала әкімі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғау, оларды әлеуметтік қолдау күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі екеніне тоқталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: